Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қайрат Құдайбергенұлы Әбдірахманов Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстанның Дания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.
Қайрат Әбдірахманов ЕҚЫҰ-ның Аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары лауазымына сайланған болатын.