05.12.2020, 19:00

Илья Ильин жаңа қызметке орналасты

Фото: ашық дереккөзі
Бұған дейін биыл қыркүйекте қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин ҚР спортшылар одағы Қызылорда облыстық филиалының басшысы болып тағайындалған еді.

Қазақстандық ауыр атлет Ильин Илья ҚР БҒМ Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығына қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz.

Бұл туралы спортшы Instagram-парақшасында жазды

Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, Дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша философия докторы (PHD) Илья Александрович Ильин ҚР БҒМ "Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығ" РМҚК Дене шынықтыру саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары зертханасының бас ғылыми қызметкері лауазымына тағайындалды.

Еске салайық, бұған дейін биыл қыркүйекте қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин ҚР спортшылар одағы Қызылорда облыстық филиалының басшысы болып тағайындалған еді.