$ 494.87  520.65  4.91

Қостанай облысында карантин шаралары жеңілдетілді

Тұрғындарға 14 желтоқсан сағат 00:00-ден бастап Қостанай облысы елді мекендерінің аумағында маска тағу режимі мен әлеуметтік қашықтық сақтай отырып, үш адамнан аспайтын топпен немесе бір отбасы мүшелерімен шектеусіз жүруге рұқсат етілді.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

5 желтоқсанда Қостанай облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері Владимир Нечитайло аймақтағы карантин шараларын жеңілдету туралы жаңа қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Тұрғындарға 14 желтоқсан сағат 00:00-ден бастап Қостанай облысы елді мекендерінің аумағында маска тағу режимі мен әлеуметтік қашықтық сақтай отырып, үш адамнан аспайтын топпен немесе бір отбасы мүшелерімен шектеусіз жүруге рұқсат етілді. 


"Күшейтілген санитариялық - эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып және жұмыс күндері сағат 9:00-ден 19:00-ге дейін (алдын ала жазылу бойынша) жұмыс кестесін белгілей отырып, аквапарктер мен термопарктердің жұмысына рұқсат беру (бір келушіге бір мезгілде келушілердің жобалық сыйымдылығынан 30 пайыздан аспайтын қатысуымен 5 шаршы метр есебінен) демалыс және мереке күндері тоқтатыла тұрсын";

Қоғамдық көліктің қауырт уақытта желіге барынша шығуымен, отыратын орындардың саны бойынша толтырылуымен, соңғы аялдамада дезинфекциялық құралдармен міндетті түрде өңделуімен, жұмыс күндері сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін қорғаныш маскаларынсыз қоғамдық көлікке жолаушыларды жіберумен, демалыс және мереке күндері тоқтата тұрумен қалалық қоғамдық көліктің жұмысына рұқсат беру, "ССКБК" АҚ жұмыскерлерін тасымалдайтын Рудный қ. № 1, 2, 6, 7, 8, 10, 11, 29, 200 маршруттар бойынша автобустарды қоспағанда, демалыс күндері жүру уақыты сағат 5:00-ден 10:00-ге дейін және 17:00-ден 01-00-ге дейінгі аралықта белгіленсін.

Сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін таксидің жүріп-тұруына тыйым салу. Такси жүргізушілері мен жолаушыларына міндетті түрде бетперде тағу;

Азық-түлік дүкендері мен дәріханаларды қоспағанда, демалыс және мереке күндері жұмысты тоқтата отырып, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, 1 келушіге 30 пайыз дан аспайтын, кемінде 4 шаршы метр толтырумен, азық-түлік емес тауарларды сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін өткізу бөлігінде сауда және ойын-сауық орталықтарының қызметіне рұқсат беру.

Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, жұмыс режимін сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін шектей отырып, сауда кешендерінің, сауда үйлерінің, сауда желілерінің, азық-түлік емес дүкендердің қызметіне рұқсат беру; бұл ретте азық-түлік дүкендері мен олардағы дәріханаларды қоспағанда, ауданы 2000 шаршы метрден асатын азық-түлік емес сауда объектілерінің жұмысы демалыс және мереке күндері тоқтатыла тұрсын", - делінген қаулыда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары