05.12.2020, 22:33

Қазақстанның 6 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Фото: ашық дереккөзі
Өңірлерде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с соғады.

Қазақстанның алты өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

6 желтоқсан күні еліміздің алты облысында, атап айтқанда Ақмола, Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл, Қостанай, Солтүстік Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды.

Өңірлерде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с соғады.

Маңғыстау облысында 23°С дейін аяз болады деп болжануда.

Тегтер: ауа райы