$ 494.87  520.65  4.91

Жүкті әйел құрбысының сәбиін жоғары қабаттан лақтырып жіберген

Қазіргі таңда тергеушілер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Мәскеуде әйел құрбысының емшектегі сәбиін 13-ші қабаттан лақтырып жіберді. Нәресте көз жұмды.

"Пәтерде сәбидің анасы мен танысы болған. Алдын ала мәлімет бойынша, әйелдің құрбысы баланы терезеден лақтырып жіберген. Нәресте алған жарақатынан көз жұмды", - деді РФ ТК Бас тергеу басқармасының өкілі Юлия Иванова.

Қазіргі таңда тергеушілер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Бұл фактіге қатысты "Кішкентай баланы өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды iz.ru.

Құқыққорғау органдары сәбидің 13-ші қабаттағы пәтердің терезесінен құлағанын нақтылады.

"112" Telegram-каналдың ақпаратынша, баланы лақтырған әйелдің есімі – Дарья. Ол өзі де сәби күтіп жүр, құрбысының үйіне жүкті әйелдерге арналған бандажды алып кетуге келген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары