$ 494.87  520.65  4.91

Бурабай тұрғыны 4 әйелді пышақтап тастаған

Полиция қызметкерлері қылмыс орнын мұқият тексерді.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Бурабай тұрғыны төрт әйелді өлтіргені үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы  KTK арнасы хабарлады.

Қылмыскер оларды пышақтап, кейін полицияға қоңырау шалып, қылмысы туралы хабарлаған. Күдікті ұсталып, тергеу изоляторына жіберілді.

Полиция қызметкерлері қылмыс орнын мұқият тексерді. Пәтерде алкоголь бөтелкелері табылды, барлық жер қан болған. Әйелдердің денелері әртүрлі бөлмелерде болған. Кісі өлтіру құрбандары - зейнеткер, оның қызы және олардың екі досы.

Тергеушілер қылмыскердің пәтерге қалай кіргені және қылмыстың себебін жария етпеді. 

Жоғарыда айтылғандай, полиция қызметкерлері ұрлық жасағаны үшін бірнеше рет сотты болған Бурабай кентінің 28 жастағы тұрғынын анықтады. Кісі өлтіргені үшін ол 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары