Үндістанда ер адам белгісіз аурудан қайтыс болды, тағы 315 азамат сол аурудың (диагноз қойылмаған) белгілерімен ауруханаға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
The Hindu газетінің хабарлауынша, белгісіз аурудың белгілері бар тұрғындар 5 желтоқсанда ауруханаларға келіп түсе бастаған. Ал 6 желтоқсанда кешке олардың саны 315-ке жетті. Ауруханаға жатқызылғандардың ішінде 46 бала және 70 әйел бар.
Дәрігерлердің айтуынша, науқастарда әлсіздік, бас айналу, бас ауруы және эпилепсия белгілері бар. Науқастардан алынған коронавирустық сынақтардың нәтижелері теріс болды.
«Аурудың қоздырғышы анықталмады. Науқастардың су, тамақ және қан үлгілері сот-медициналық сараптама зертханасына талдау үшін жіберілді», - деді жергілікті денсаулық сақтау органдарының өкілдері.
Мамандардың айтуынша, ауаның ластануы немесе сапасыз өнімдерді пайдалану салдарынан жаппай инфекция болуы мүмкін.