$ 494.87  520.65  4.91

Алимет төлемеген әке элиталы үйінен айырылды

Қарыз төлеуші жеке мүлігін өз еркімен берген.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Алимент төлемеген астаналық элиталы коттеджінен айырылды. Бұл туралы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының өкілдері айтты.

Қарыз төлеуші жеке мүлігін өз еркімен берген. 

Жеке сот орындаушысының 2020 жылғы 17 тамыздағы қаулысына сәйкес оның қарызы - 3,857 миллион теңге.

"Орындау барысында борышкерге жеке сот орындаушысының мүлікті сату арқылы қарыз сомасын өндіріп алуға құқығы бар екені түсіндірілді. Келіссөздерден кейін ер адам алимент бойынша қарызды өтеу үшін жылжымайтын мүлікті өз еркімен беруге келісті", - делінген хабарламада. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары