Коронавирус ушығып кеткен жағдайда Алматы карантинге жабыла ма? Бұл сұраққа қала әкімі Бақытжан Сағынтаев орталық коммуникациялар қызметіндегі тікелей эфир кезінде жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz.
Қазірге қаладағы эпидемиологиялық жағдайдың жақсы екенін айтты әкім. Оның сөзінше, жағдай бақылаудан шықса ғана Алматы карантинге жабылуы мүмкін.
"Қаланың жабылып, жабылмауы ауруханаға түскен науқастардың санына байланысты. Науқастар көп болған жағдайда біз "сары" аймаққа өтеміз. Қазірге біз "жасыл" аймақтамыз. Бұл санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай екенімізді көрсетеді. Егер біз нормаларды бұзатын болсақ, маскасыз жүрсек, күн сайын жұқтырғандар саны шамамен 100-150 адамға жетеді. Егер жұқтырғандар саны көп болса, қатаң шаралар қабылданады", - деді Сағынтаев.