Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгінгі таңда университетте бес мыңнан астам студент оқиды, ал оқу ордасының қолданыстағы жатақханаларында 2 500 орын бар. Ғимарат құрылысы басқа қаладан келген 400 студенттің тұру қажеттілігін өтейді.
Жаңа жатақхана Ержанов көшесінде орналасатын болады. Жер телімін Қарағанды әкімдігі бөлген. Оны рәсімдеу бойынша процесстер аяқталды. Мердігер - «Казстройподряд» ЖШС. Қазіргі уақытта нысанда құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
Жатақхана университеттің өз қаражаты есебінен салынуда. Ол 2021 жылдың үшінші тоқсанында есігін айқара ашады.