$ 447.4  477.55  4.76

Қарағандылық әйел дәмханадан граната тауып алды (ВИДЕО)

Оқиға орнына қаланың барлық шұғыл қызметтері шақырылды.
Фото: ашық дерек көзі
Фото: ашық дерек көзі

Қарағандыда қоғамдық тамақтану ғимаратында еден жуушы әйел граната тауып алған. Оқиға орнына қаланың барлық шұғыл қызметтері шақырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

8 желтоқсанда сағат 16.00-де Қарағанды қалалық Полиция басқармасы Жедел бақылау орталығына 48 жастағы жеке кәсіпкер қоңырау шалған. Ол «Восток-1» ықшам ауданындағы тұрғын үйде орналасқан тамақтану орнының қосалқы бөлмесінде 55 жастағы қызметкер қоқыс астынан гранатаға ұқсас затты тапқанын хабарлаған.

«Қарағанды облысы ПД жедел кезекшісімен оқиға орнына барлық шұғыл қызметтер жіберілді. Тұрғын үй ғимараты мен қоғамдық тамақтану орындарынан 40-тан астам адам эвакуацияланды. Полиция қызметкерлері табылған затты тексерді. Нәтижесінде табылған зат ешқандай қауіп төндірмейтін кәдесый граната екен анықталды», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары