$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда жедел жәрдем көлігіне жол бермеген жүргізушіге айппұл салынды (ВИДЕО)

Жүргізушілердің бірі аулаға кіре берістегі жолға көлігін қойып, басқа автокөлік иелерінің жолын жауып тастаған.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Алматыда көлік жүргізушілердің бірі жедел жәрдем көлігін өткізбей қойған. Алматы тұрғынының әрекеті полицияның назарынан тыс қалмады, олар тиісті шараларды қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz.

Instagram парақшаларында Алматыда бірнеше жүргізуші мен автокөлік түсірілген видео пайда болды. Онда роликтің кейіпкерлері кімнің жол беруі керек екені туралы дауласып тұрғанын байқауға болады.

Жүргізушілердің бірі аулаға кіре берістегі жолға көлігін қойып, басқа автокөлік иелерінің жолын жауып тастаған. Жүргізушілердің сөзінше, кептелісте қалып қойған автокөліктердің бірі жедел жәрдем көлігі болған.

Видео авторы жолды көлігімен жауып тастаған алматылықтың көлігі өзінің жүру жолағында тұрмағанын атап көрсетеді. Ал басқа жүргізушілер "кінәлі" ер адамға айыппұл салу керек екенін айтады.

Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 7 желтоқсан күні кешке Медеу ауданында болған.

"Достық даңғылындағы аулалардың бірінде Toyota Corolla автокөлігінің жүргізушісіне хаттама толтырылды. Ол Әкімшілік кодекстің 597 - бабы бойынша жауапкершілікке тартылды, яғни "басқа көлік құралдарының қозғалысына кедергі келтіретін көлік құралдарын жүріс бөлігінде тоқтату немесе қою ережелерін бұзу",-деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Айта кетейік, аталған бап бойынша жаза 10 айлық есептік көрсеткішті, яғни 27 780 теңгені құрайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары