$ 447.4  477.55  4.76

Еліміздің 5 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Бұл облыстарда қар жауып, бұрқасын болады.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Қазақстанның бес облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қазгидрометке сілтеме жасап.

9 желтоқсанда Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетуі мүмкін.

Ертең Нұр-Сұлтан қаласында бұрқасын соғуы ықтимал.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғуы мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысының күндіз кей жерлеріне қалың қар жаууы мүмкін. Кей жерлерде тұман түсіп, боран соғады. Оңтүстік-батыстан жел тұрып, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Маңғыстау облысының солтүстігінде қатты аяз тұрады, минус 22°С дейін жетеді.

Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түсуі мүмкін. 9-10 желтоқсанда Таразда тұман түседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ауа райы