$ 447.4  477.55  4.76

Баласын дәретханаға тастаған әйелдің бұған дейін де осындай қылмыс жасағаны анықталды

Алматы облысы Іле ауданында баласын дәретханаға тастаған әйел ұсталды. Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдікті 24 жастағы Қарасай ауданының тұрғыны болып шыққан. Ол Ақши ауылына барып, үй ауласындағы дәретхана шұңқырына жаңа туған сәбиін тастап жібергенін мойындап отыр.

Абырой болғанда, аталған үй иесі дер кезінде байқап, қыз баланы аман алып қалыпты. Яғни, дереу жедел жәрдем мен құтқарушыларға хабар беріп, нәресте ауруханаға жеткізілген. Оған жедел медициналық көмек көрсетіліп, қазір ем қабылдап жатыр.

Сәби табылғаннан кейін полиция қызметкерлері оның анасына іздеу жариялаған болатын. Көп күттірмей тәртіп сақшылары оның ұсталғанын хабарлады. Белгілі болғандай, 24 жастағы жас әйел осыдан 2 жыл бұрын да бала туып, оны көшеге тастап кеткен екен. Өкінішке қарай, сәбиді құтқару мүмкін болмапты. Алайда, ол кезде "көкек ананың" қандай жазаға тартылғанын ішкі істер органдары айтқан жоқ.

Қазіргі таңда күдікті әйел Іле аудандық ІІБ-нің уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары