$ 446.49  475.38  4.79

Астанада бір үйдің екі баласы жоғалып кетті

Астанада 14 жастағы жеткіншек қыз бен оның 2 жасар інісі жоғалып кетті деп жазады Informburo.kz. Олар үйінен шығып, сол күйі оралмапты. Қазір іздеу жұмыстарымен полиция және балалардың ата-анасы, туыстары айналысуда.

Жансая Әбілқайыр ақ нүктелері бар қара көйлек, сыртынан ақ костюм киген, аяғында қоңыр түсті кроссовки болған. Қыздың бойы 168 сантиметр, шашы сары. 2 жасар Нұрәлі Асқардың үстінде сұр түсті футболка болған. Бұл туралы бала жоғалтқан отбасының таныстары ВКонтакте әлеуметтік желісінде мәлімдеді.

"6 шілде күні жеткіншек қыз өз үйінде, ал кішкентай інісі туыстарының үйінде болған. Олар қала іргесіндегі Ильинка елдімекенінде тұрады. 6 шілде күні таңғы сағат алтыларда қыз туыстарының үйіне інісінің артынан барған. Таңғы сегізде інісін алып, қала күніне орай қыдырып келеміз деп шығып кеткен. Аналары бұл күні жұмыста болып, үйіне кешкі сағат 4-те келді. Қызы болса "мен алысқа кеттім, мені іздемеңдер" деген хат жазып қалдырыпты", - деп жазады Қазыбек Барманбеков есімді тұрғын.

Балалардың анасы ең алдымен өзінің күйеуінен күдіктенген. Алайда, тергеу барысында оның бұл іске қатысы жоқ екені анықталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары