$ 494.87  520.65  4.91

Жаңа жылда карантиндік шектеулер күшейе ме? - бас санитар жауабы

Бас санитардың айтуынша, қосымша шектеу шаралары енгізілмейді.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов жаңа жылдың алдында қосымша шектеу шараларын енгізуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте журналистер алдағы мереке күндері қосымша шектеу шаралары жайында сұрады. "Алда Тәуелсіздік күні бар. Одан кейін Жаңа жыл. Шетелде қосымша шектеу шаралары енгізіліп жатыр. Бізде Жаңа жылды жақсы тойлайды. Сіз бас мемлекеттік санитар дәрігер ретінде қосымша шектеу шараларын енгізуді жоспарлап отырған жоқсыз ба?", - деді тілшілер. 

Бас санитардың айтуынша, қосымша шектеу шаралары енгізілмейді. Бүгінде әрбір өңірді санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға қарай "жасыл", "сары" мен "қызыл" аймақтарға бөліп, соған қарай қабылданған шектеу шаралары да жеткілікті.

"Бөлек қосымша шектеу шаралары енгізілмейді. Қазір тиісті шектеулер бар. Бұдан бөлек, "қызыл" аймақтарға арналған шектеулер сол күйінде сақталады. Әзірше, бөлек бір қаулыларды шығару жоспарда жоқ. Барлығы бұрынғы қалпында қалады", - деді Қиясов. 

Осы орайда бас мемлекеттік санитар дәрігері Жаңа жылды үйде отбасымен бірге қарсы алуға кеңес берді. Әйтпесе, науқастардың саны күрт өсіп кетуі мүмкін. 

"Мәселен, АҚШ-та ризашылық күні аталып өткеннен кейін науқастардың саны күрт өсті. Сондықтан біздің азаматтарымызды алыс жолға шықпай, мерекені үлкен ұжыммен тойламауға шақырамын. Қазіргі кезде ондай шараларға тыйым салынған. Шыны керек, көбісі шектеу шараларын сақтамайды. Бірақ мониторингтік топтар жұмыс істейді", - деп атап көрсетті Қиясов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары