«Қазгидромет» РМК 10-12 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
«Солтүстік-батыс антициклоны әсерінен жауын-шашын біртіндеп тоқтайды және ел аумағы бойынша ауа температурасы төмендейді. Қазақстанның солтүстігі мен шығысында қар жауады. Шығыста қатты қар жауып, жел күшейіп, боран соғады», - деп хабарлады синоптиктер.
Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін.