10.12.2020, 11:20

Украинада төтенше жағдай режимі көктемге дейін ұзартылды

Кинотеатрлар, фитнес залдар және сауда орындарын да жабу қарастырылған. Және де кез келген іс-шараны өткізуге тыйым салынады.

Украинада карантин тәртібі мен төтенше жағдай режимі көктемге дейін ұзартылды, деп хабарлайды 24kz.

Шешім үкімет отырысында қабылданды. Осымен қатар қаңтардың 8-і мен 24-і аралығында қатаң карантин енгізілмек. Яғни осы мезгілде мейрамханалар мен дәмханалар жабылып, олар тағамды жеткізіп беру жүйесі бойынша қызмет көрсетуге көшеді.

 Кинотеатрлар, фитнес залдар және сауда орындарын да жабу қарастырылған. Және де кез келген іс-шараны өткізуге тыйым салынады. 

Украинада вирусты жұқтырғандар саны 845 мыңнан асқан. Дерттен 14 мың науқас көз жұмды.