$ 494.87  520.65  4.91

Биыл корпоративтік кештер өткізуге тыйым салынады

Өңірлерде мониторингтік топтардың жұмысы күшейтілді.

Еліміздің Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Қаулысына сәйкес ойын-сауық және салтанатты іс-шараларды, корпоративтік кештерді өткізуге тыйым салынады, деп хабарлайды zakon.kz Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.

Өңірлерде мониторингтік топтардың жұмысы күшейтілді.

Мониторингтік бақылау күн сайын жүргізілуде. Мобильді топтар қоғамдық орындар мен ірі сауда дүкендерін, мейрамханаларды жіті бақылауға алды.

Санитарлық талаптарды белден басқандарға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 425-бабына сәйкес – жеке тұлғаларға – отыз айлық есептік көрсеткіш (83 340 теңге), лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз отыз (683 940 теңге), орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз он (861 180 теңге), ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – бір мың алты жүз (4 444 800 теңге) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары