Жаңалықтар 10.12.2020 сағат 15:20

Мәжіліс сайлауы өтетін ғимарат қоршауға алынды

ОСК-дегі брифингте журналист ғимарат айналасына қоршау орнатылғанын, осыған дейінгі сайлауда қоршау болмағанын атап өтті.
Мәжіліс сайлауы өтетін ғимарат қоршауға алынды
Фото: tengrinews.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Елордадағы Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) ғимаратының айналасына қоршау орнатылды. Журналистер сайлау қарсаңында қоршау неліктен орнатылғанын сұрады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ОСК-дегі брифингте журналист ғимарат айналасына қоршау орнатылғанын,
осыған дейінгі сайлауда қоршау болмағанын атап өтті. БАҚ өкілі бұл жұмысты жүргізуге қанша ақша бөлінгенін сұрады.

"Орталық сайлау комиссиясы және басқа да ұйымдар Бейбітшілік көшесі, 4 мекенжайындағы ғимаратты жалға алып отыр. Бұл біздің ғимарат емес. Бізде ғимарат та жоқ. Сондықтан қоршаудың ОСК-ге қатысы жоқ", - дейді Орталық сайлау комиссиясы мүшесі Сабила Мұстафина

ОСК ғимараты. Сурет: Тамара Вааль

Айта кетейік, 2021 жылдың 10 қаңтарында Қазақстанда мәжіліс пен мәслихат сайлауы өтеді.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар