$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстанда 14 желтоқсаннан бастап аймақтарға блок-бекеттер қойыла ма?

Хабарламада Үкімет басшысының атынан облыс әкімдеріне жолданған құжаттың фотосуреті түрінде ұсынылған.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Қазнетте 14 желтоқсаннан бастап аймақтарда жаппай карантин енгізіліп, блок-бекеттер қойылатыны жайлы ақпарат тарады. Хабарламада Үкімет басшысының атынан облыс әкімдеріне жолданған құжаттың фотосуреті түрінде ұсынылған. Алайда, ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты ресми түрде жоққа шығарды.

«Бұл хабарлама шындыққа жанаспайды, құжаттың фотосуреті – фейк. Қазақстанның аймақтары мен қалаларында блок-бекеттер орнатып, 14 желтоқсаннан бастап қозғалысты шектей отырып, қатаң локдаун енгізу жоспарда жоқ. Қазақстандықтарды ресми дереккөздерден алынған ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз», – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Еске сала кетейік, Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының 10 желтоқсандағы мәліметі бойынша, қазір коронавирустың таралу қаупі бойынша «қызыл» аймаққа Нұр-Сұлтан мен Павлодар облысы енген.

«Сары» аймақта: Шығыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары және Алматы қаласы тұр. Қалған өңірлердің бәрі «жасыл» аймақта орналасқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары