$ 443.85  474.3  4.8

11 желтоқсан күнгі ауа райы болжамы

Жұма күні еліміздің басым бөлігінде қар, тұман, көктайғақ болады.
фото: 24.kz
фото: 24.kz

11 желтоқсан күні республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында қар жауады. Қазақстан аумағының қалған бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Еліміздің кей жерлерінде тұман болады, желдің күшейіп, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік өңірлерде көктайғақ болжанады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Павлодар облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын болады. Түнде жел 18 м/с артады.

Жамбыл, Түркістан, Ақмола, Алматы, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман болжанады.

Күндіз Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ, тұман болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары