Жаңалықтар 11.12.2020 сағат 10:40

10 жыл бұрын мұздатқышқа салынған эмбрионнан сәби дүниеге келді

Ведомство мәліметінше, бұл процесс криоконсервация деп аталады.
10 жыл бұрын мұздатқышқа салынған эмбрионнан сәби дүниеге келді
Фото: ашық дереккөз
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қазақстанда 10 жыл бұрын мұздатылған эмбрионнан сәби дүниеге келді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің Tengrinews.kz тілшісі жолдаған ресми сауалға берген жауабында айтылады.

Ведомство мәліметінше, бұл процесс криоконсервация деп аталады.

"Қазақстанда фертиль жастағы әйелдерді қайта ұрықтандыру мүмкіндігі үшін эмбриондарды криоконсервациялау және сақтау жүзеге асырылады. Процесс Қазақстан денсаулық сақтау министрінің міндеті атқарушысының 2009 жылғы 30 қазандағы № 624 "Донорлықты жүргізу және жыныстық жасушаларды сақтау ережесін бекіту туралы" бұйрығымен реттеледі", - делінген сауалға жауапта.

Сондай-ақ, Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментіндегілер мұндай процедура міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында өткізілетінін айтты. Жұптарға экстракорпоралдық ұрықтандыруды жүргізуге квота берілуі мүмкін.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар