$ 448.15  483.46  4.86

«Nur Otan» партиясы 2023 жылға дейін елорданы газбен қамтамасыз етуге қол жеткізеді

Табиғи газға көшу қаланың ауасына зиянды заттардың шығуын 70%-ға дейін азайтады.

2023 жылға дейін "Nur Otan” партиясы Елорданы газбен қамтамасыз етуге қол жеткізеді. Бұл туралы ҚР мәслихатына үміткерлер "Астана Тазалық" мекемесінің басшылығымен және жұмысшыларымен жүздесу кезінде айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Кездесу барысында "Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді. "Табиғи газға көшу қаланың ауасына зиянды заттардың шығуын 70%-ға дейін азайтады. Сол себепті де, 2023 жылға дейін “Nur Otan” партиясы Елорданың табиғи газға көшуіне қол жекізеді.

Сонымен қатар, халықтың осал әлеуметтік топтарын газбен қамтамасыз етуге партия өз үлесін қосады "- деді үміткерлердің бірі Нұрлан Купешов. Кандидаттар Болат Омаров пен Бауыржан Смаиловта өз ұсыныстарын айтып, "Астана Тазалық" жұмыскерлерінің мұң-мұқтажын ескеріп, партияға бақылауға жіберді. 

Айта кетейік, бір ай ішінде партияның барлық жақтастары, депутаттыққа кандидаттар, сондай-ақ белсенділер үгіт жұмыстарын жүргізеді, олар 2021 жылғы 8 қаңтарда сағат 00.00-де аяқталады. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттар депутаттарын сайлау 2021 жылғы 10 қаңтарда өтеді. Нұр-сұлтан қаласы бойынша дауыс беру 248 ашық сайлау учаскесінде өтеді, онда 683 мың сайлаушы дауыс беретін болады.

Ескерту! Материалдың ақысы Нұр-Сұлтан қаласындағы "Nur Otan" партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары