13.12.2020, 02:26

13 желтоқсанда елордада автобустар жүрмейді

фото: astana-akshamy.kz
Бұл күні дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.

Жексенбі күні, 13 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда қоғамдық көліктің жұмысы бір күнге тоқтатылады. Бұл күні дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес қоғамдық көлік жұмыс күндері және сенбі күндері сағат 6:00-ден 23:00-ге дейін жүреді. Дүйсенбі, 14 желтоқсаннан бастап бағдарлар кестесіне сәйкес қалыпты қатынайды.

«Қала тұрғындарын санитарлық нормаларды сақтауды және автобустарға бетпердесіз кірмеуді сұраймыз. Жол ақысы тек қолма-қол ақшасыз төленеді», – делінген CTS компаниясының хабарламасында.