$ 494.87  520.65  4.91

Қостанай облысында 12 жастағы қыз әкесінен жүкті болып қалған

Қыз қазір перзентханада жүктілік кезеңінде.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Қостанай облысында полиция 29 жастағы Лисаков тұрғынын 12 жастағы өгей қызын зорлады деген айыппен ұстады, деп хабарлайды Stan.kz.

Еуропа елдеріне қарағанда алты есе көп: Елімізде мектеп қабырғасында босанатын қыздар саны жаға ұстатты

Время газетінің ақпаратына сәйкес, ер адам қазір қамауға алынған. 

Қыз қазір перзентханада жүктілік кезеңінде.

Қостанай облысының полиция департаменті Қазақстан Қылмыстық кодексінің 120-бабы (зорлау) бойынша сотқа дейінгі тергеудің басталғаны туралы хабарлады, тергеу амалдары жүргізіліп, сараптамалар тағайындалды.

Естеріңізге сала кетейік, жыл басында Зорлау бабы ауырлығы орташа санаттан ауыр қылмыстар санатына ауыстырылған болатын. Егер зорлау фактісі дәлелденсе, ер адам Қылмыстық кодекстің 120-бабының 4-бөлігі бойынша 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары