Қазақстандықтар еліміз жайлы даулы мәлімдеме жасаған ресейлік депутат Вячеслав Никоновтың Instagram парақшасын шабуылдады.
Саясаткер Қазақстан жайлы айтқаны үшін басы бәлеге қалған. Вячеслав Никонов жақында ғана "Большая Игра" шоуының эфирі кезінде "Қазақстанның территориясы - бұл Ресей мен Кеңес өкіметі тарапынан берілген үлкен сый" деп айтты.
Қазақстандықтар ресейлік саясаткердің бұл мәлімдемесіне бірден наразылықтарын білдіріп, оның сөзімен келіспейтіндерін жарыса жазуда.
Отандастырымыз шенеуніктің Instagram парақшасын тауып алып, онда оған өз пікірлерін қалдыра бастаған. Ашуға булыққан желі қолданушылары Никоновқа міндетті түрде тарихты оқып шығу керектігін жазып жатыр.
"Тарихты оқығаныңыз абзал болар" , "Екіге оқыған сияқты ғой" , "Тарихшы сымақ" , "Менің атам 43 жылы өз өмірін не үшін және кім үшін берді?" , "Сіздің азулы мәлімдемелеріңіз - арзан популизм" , - деп жазуда қалың көпшілік.