Алматы әкімдігі жекеменшік балабақшаларды тамақтандыру шығындарын жергілікті бюджет қаражаты есебінен субсидиялауды жоспарлап отыр. Бұл туралы онлайн жиналыс барысында Алматы басшысының орынбасары Ержан Бабақұмаров мәлімдеді.
Қалалық әкімдік жергілікті бюджеттен мемлекеттік білім беру тапсырысы бар жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды тамақтандыруға арналған шығыстарды субсидиялауды енгізуге бастама болды. Бастаманы Білім және ғылым министрлігі қолдады.
Сондай-ақ, 4 балабақшаның құрылысы жалғасуда. Келесі жылы тағы 6 балабақша салу жоспарлануда, бұл 12,7 мың жаңа орын құруға мүмкіндік береді. 2022 жылға қарай балабақшаларға кезектілікті 70%-ға төмендету жоспарлануда.