Жаңалықтар 14.12.2020 сағат 10:20

Ержан Бабақұмаров: «Желтоқсан» саябағы жастарға ел тәуелсіздігінің қалыптасуын еске түсіреді

Жас Қанат және Маяк ықшамаудандарының аумағында «Желтоқсан» саябағы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың шешімімен ашылды.
Ержан Бабақұмаров: «Желтоқсан» саябағы жастарға ел тәуелсіздігінің қалыптасуын еске түсіреді
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Бүгін Алматы қаласының Түрксіб ауданында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаровтың, Желтоқсан оқиғасына қатысушылардың, зиялы қауым, қоғам өкілдерінің қатысуымен Желтоқсан саябағының салтанатты ашылуы өтті.

Жас Қанат және Маяк ықшамаудандарының аумағында «Желтоқсан» саябағы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың шешімімен ашылды.

Бұған дейін әкімдікте Желтоқсан ұйымдарының басшыларымен өткен кездесулерде олар осындай саябақты ашу туралы ұсынғаны белгілі болатын. Әр түрлі нұсқалар қарастырылды, нәтижесінде қаланың солтүстік бөлігінде ауданы 100 гектардан асатын ең үлкен жаңа саябақты ұсынды. Рекреациялық аймақ аэропорт көлінің жағалауын қамтиды. Абаттандыру алаңы — шамамен 23 мың шаршы метр.

2020 жылы, пандемияға қарамастан, саябақтың бірінші кезеңі аяқталды. Саябақта 13 ойын алаңы бар — 8 балалар және 7 спорт алаңы, оның ішінде воркаут алаңдары, мини-футбол және стритбол ойын алаңдары, сондай-ақ паркур ойын алаңы.

Саябақтың басты ерекшелігі —ұзындығы 1200 метрлік жаяу жүргіншілерге арналған пирст. Ол Кіші Алматы өзенінің арнасынан және Әуежай көлінің шығыс жағалауынан өтеді. Пирс Маяк ықшамауданы мен аудан орталығы арасындағы өзіндік көпірге айналды.

2021 жылы саябақты жасау жұмыстары жалғасады. Жаяу серуендеуге және демалуға арналған аймақтарды, сондай-ақ тоғайдың жасыл қорын қайта құру жоспарлануда.

Қала әкімі Б. Сағынтаевтың тапсырмасымен саябақты одан әрі дамыту Желтоқсан ұйымдарының басшылары мен іргелес аудандар тұрғындарының пікірін ескере отырып жоспарланатын болады.

Желтоқсан саябағының ашылу салтанатында Алматы қаласының әкімдігінің, зиялы қауым және «Нұр Отан» партиясының өкілдері сөз сөйледі.

«Сіздерді келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. Барлығымыз үшін 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы ерекше мәнге ие. Олар Қазақстан Тәуелсіздігінің қалыптасу тарихына енген және халықтың жадында қалады. Бұл да жаңа „Желтоқсан“ саябағының символикасы – жастарға сол оқиғаларды еске түсіреді», — деді қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров.

Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет келер жылы желтоқсан оқиғасына 35 жыл толатынын еске салды.

«Сол айтулы оқиғанык қарсаңында ашылуының мәні зор әрі алматылықтардың ризашылығын білдіреді. Біз 135 шырша көшеттерін отырғыздық, оған Желтоқсан оқиғасына қатысушылардың өздері қатысты, олардың құрметіне бұл саябақ Алматы әкімі Б. Сағынтаевтың қолдауымен жасалды», — деді Ұ. Есдәулет.

Nur Otan партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Станислав Канкуров бұл іс-шараның ерекше маңыздылығын атап өтті және еліміздің тарихындағы маңызды оқиғаға арналған алғашқы саябақ екенін айтты.

«Бұл желтоқсан оқиғасына қатысушылар мен барлық қала тұрғындары үшін айтулы шара. Бүгін мұнда елімізде болған және егемендікке жетелеген тарихи оқиғаларды еске алу үшін көптеген адамдар келді. Тәуелсіздік – бұл „Нұр Отан“ партиясының саяси доктринасындағы басты құндылық. Қазақстандықтардың жас ұрпағы тәуелсіздікті бағалап, оны біздің еліміздің маңызды белгісі ретінде бағалауы тиіс», — деп атап өтті С. Канкуров.

Жазушы, қоғам қайраткері Смағұл Елубай Тәуелсіздік күні қарсаңында саябақтың ашылуын елеулі оқиға деп атады.

«Біздің басты байлығымыз – Тәуелсіздік – мызғымас болуы керек. Сонда елде бейбітшілік пен тәртіп орнайды, балаларымыз бен олардың ата-аналары аман-сау болады. Жаңа саябақ гүлденіп, алматылықтардың қуанышына кеңеліп, барлығының айшықты орнына айналсын!», — деді С. Елубай.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар