Бүгін бірнеше елдің тұрғындары Күн тұтылуының куәсі бола алады, деп хабарлайды Stan.kz.
Күннің тұтылуы UTC бойынша 16:13-те немесе Мәскеу уақытымен 17:25-те басталады, тұтылудың максималды кезеңі Мәскеу уақытымен 19:00-де күтіледі.
Бүгінгі күн тұтылуының ұзақтығы 2 минут 10 секундқа созылады. Бұл астрономиялық құбылыс Тынық мұхитының оңтүстік-шығысында жақсы көрінеді. Чили, Аргентина, Оңтүстік Атлант мұхитының тұрғындары ерекше оқиғаны анық көре алады.
Тұтылудың ішінара фазалары Оңтүстік Америкада, Полинезияда, Антарктидада және Африкада байқалады. ТМД аумағында күннің тұтылуы әлсіз болады.
Қазақстанда күннің тұтылуы көрінбейді, бұл кезде ел аумаңында тәуліктің қараңғы уақыты болады.