$ 494.87  520.65  4.91

«Солтүстік Қазақстан - қазақ жері!»: Ресей елшілігінің алдына осындай жазуы бар плакат ілінді

"Орынбор ‒ қазақтың жері" деп сойып салуы керек еді. Сонда симметриялы жауап болушы еді.
Фото: zakon.kz
Фото: zakon.kz

Алматыда қоғам белсенділері Ресей консулдығының қақпасына "Солтүстік Қазақстан - қазақ жері!" деген жазуы бар плакатты іліп қойды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы журналист Бақытжан Бұхарбай өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.

"Ұзынқұлақ маған "Намыс" ұйымының жастары ресейлік депутат Вячеслав Никоновтың Қазақстанның Солтүстік аймағы жайлы айтқан жалған сөздеріне протест білдіріп, Ресей консулдығына "Солтүстік Қазақстан ‒ қазақтың жері" деген плакат ілгенін жеткізді. Меніңше, жігіттер бұдан әрі барып, "Орынбор ‒ қазақтың жері" деп сойып салуы керек еді. Сонда симметриялы жауап болушы еді. Не болса да, жарады", делінген жазбада.

Сондай-ақ онда наразылық танытушы жігіттерді полиция қызметкерлері ұстап алып кеткені де айтылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары