Павлодар облысы коронавирус таралу көрсеткіші бойынша "қызыл" аймақтан шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 14 желтоқсандағы жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан ғана "қызыл" аймақта орналасқан. "Сары" аймақта: Алматы, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Ақмола, Павлодар және Қостанай облыстары.
Қалған өңірлердің барлығы "жасыл" аймақта орналасқан.
Айта кетейік, кейінгі тәулікте Қазақстанда 747 адам коронавирус жұқтырғаны анықталды. Еліміз бойынша науқастар саны 142 325-ке жетті.