Бүгін Шымкент қалалық маслихаты депутаттығына үміткерлер Марат Сейтов, Қуандық, Сұлтанғали Жасмин Ашимова «Рахат Шымкент» ЖШС ұжымымен кездесіп сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Кездесу барысында үміткерлер партияның сайлауалды бағдарламасымен және партияның алдағы бес жылдық жұмыс жоспарын ұжымға таныстырды. Жиында ұжым қызметкерлері көкейінде жүрген сұрақтарына жауап алды. Атап айтсақ, кездесуге келген қала тұрғындарды инфроқұрлым, қоғамдық көлік мәселесі, электр жарығы, сонымен қатар жол мәселесі бойынша кездесіп жатқан қиындықтарын жеткізді.
Өз кезегінде үміткерлер бұл мәселер алдағы уақытта шешімін табатынын жеткізді. Айта кетейік, Қалалық сайлау комиссиясында 60 кандидаттан тұратын партиялық тізім тіркелген. Оның ішінде 51 – адам праймериз жеңімпазы болса, 9 – адам партия филиалының квотасы бойынша тіркелген.
Ескерту. Материалдың ақысы «Nur Otan» партиясы» ҚБ Шымкент қалалық штабының сайлау қорынан төленді.