$ 494.87  520.65  4.91

Әлемде коронавирус жұқтырғандардың саны 72 миллионға жуықтады

Олар жансақтау  бөлімшелерінде орын қалмағанын және мейірбикелердің санының аздығын мәлімдеген.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

 Әлемде коронавирус жұқтырған адамдардың жалпы саны 72 миллионға жақындап келеді. Бұл туралы ақпарат Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысының шұғыл ресми Telegram каналында жарияланды.

Джонс Хопкинс Университетінің мәліметі бойынша індетті ең көп жұқтырған елдердің алғашқы бестігі келесідей: АҚШ (16 миллион), Үндістан (шамамен 10 миллион), Бразилия (6,8 миллион), Ресей (2,6 миллион), Франция (2,4 миллион).

Еуропада аурудың алдын-алу және бақылау орталығының мәліметі бойынша Италия COVID-19 – дан қайтыс болғандар саны бойынша Еуропада бірінші орынға шықты – 64 036 құрады.

 Швейцарияның бес аурухасының бас дәрігерлері COVID-19 жұқтырған науқастар саны бойынша елде орын арған жағдайға қатысты терең алаңдаушылықтарын білдіріп, мемлекеттің денсаулық сақтау министріне хат жолдаған. Олар жансақтау  бөлімшелерінде орын қалмағанын және мейірбикелердің санының аздығын мәлімдеген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары