$ 494.87  520.65  4.91

Адал қазақстандықтардың жүздігі

Үміткер барынша адал және парасатты, мемлекеттік тілді жетік білетін, сотталмаған, «халық малын емес, қамын жейтін» патриот, қоғамда беделі бар азамат болуы шарт.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа орталығы» қоғамдық бірлестігі «Адал қазақстандықтардың» тізімін қалыптастырмақшы.

Бұл тізімге мемлекеттік қызметшілермен қоса , квазимемлекеттік сектордың, жеке компаниялардың, қоғамдық ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін енгізу болжанып отыр.

Егер Президенттік кадрлық резервке мемлекеттік орган іріктеуі жүргізсе, «Адал қазақстандықтардың жүздігі» жобасы ол қоғамдастықтың іріктеуінен өткен адамдар болады. 

Іріктеу критерийлері соншалықты қатаң емес. Бірақ үміткер барынша адал және парасатты, мемлекеттік тілді жетік білетін, сотталмаған, «халық малын емес, қамын жейтін» патриот, қоғамда беделі бар азамат болуы шарт. 

Кандидаттарды таңдау процессі ашық және әділдік қағидаты негізінде өтеді. Тізімге кіретін азаматтардың жасы 45-тен аспауы тиіс.

Қазіргі уақытта қоғамдық ұйыммен Іріктеудің ережелері егжей-тегжей қарастырылуда.

Дауыс беру zannews.kz сайтында өтеді.

Болжам бойынша «жүздікке» кірген азаматтардың жеке сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспары болуы қажет. Айына екі маңызды шара өткізу көзделеді. Яғни, ол өзінің іс-әрекетімен қоғамға шарапаты мен пайдасы бар жұмыс жасайды деп күтілуде. 

Тізімге енген кейбір азаматтар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа орталығы мен басқа да қоғамдық ұйымдардың ұсынысымен Үкіметке «адал және іскер тұлғалар» ретінде мемлекеттік қызметке ұсынылады. Бұға қоса, түрлі шешім шығарушы комиссиялардың құрамына енгізуге, әдеп жөніндегі уәкіл, комплаенс-офицер болуға да ұсынылады.

Кандидаттарды таңдау үшін 20 қоғамдық ұйымдардың лидерлерінен тұратын комиссия құрылмақшы. Олар Ережеде бекітілген талаптарға сәйкес әрбір үміткерді зерделеп, іріктеуге қатысуына рұқсаттама береді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары