$ 494.87  520.65  4.91

Шымкент халық санының өсімі жағынан ІІ-орында тұр

Шымкент бұл көрсеткіш жағынан ірі мегаполис - Алматы қаласын басып озған.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Шымкент қаласы халық санының өсімі жағынан Алматыны басып озып, Нұр-Сұлтан қаласынан кейінгі орынға тұрақтады, деп хабарлайды zakon.kz.

Республикалық Статистика комитетінің мәліметінше, Қазақстан халқының саны 1 қарашаға қарай 18 млн 833 мың адамға жетіп, жыл басынан бері 0,2 млн адамға немесе 1,08% – ға артқан.

Халық өсімі бойынша елорда көш бастап тұр, Нұр-Сұлтанда – 3,52%, Шымкент-те 2,67%, Алматыда 2,61%, Маңғыстау облысында 2,43% және Атырау облысында 1,48% өсім бар. Бұл ретте Шымкент алғаш рет халық санының өсу қарқыны бойынша Алматыны басып озды.

Алматы халқы 1 млн 967 мың адамға, Астана – 1 млн 176 мың адамға, Шымкент қаласы тұрғындарының саны 1 млн 66 мыңға жетті.

Сонымен қатар, еліміздің 13 өңірінде көші-қон ағыны жалғасуда. Халықтың көші-қон өсімі бойынша да Шымкент ІІ-орында. Алғашқы орында Маңғыстау облысы болса, Шымқаладан соң Алматыда және Астанада ғана халықтың сапырылысуы байқалады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары