Ыстамбұл бағытында ұшқан жолаушылар ұшағы арада бір жарым сағат өткен соң әуежайға қайта оралуға мәжбүр болды. Бұл жағдайға ұшақтағы алты айлық сәбидің денсаулығы нашарлауы себеп болған.
Дәрігерлер ауруханаға ауыр халде түскен баланы құтқара алмағанын хабарлады. Сәбидің дене қызуы үш күн бойы түспей қойған.
«Ол ауыр халде ауруханаға жатқызылды. Қабылдау кезінде пневмонияның ауыр деңгейі деген диагноз қойылды. Ол дереу жансақтау бөліміне жеткізіліп, онда бала үш күн болды. Тексеру кезінде балаға сепсис, ауыр жағдайдағы екінші энцефалит диагнозы қойылды. Қарқынды терапия барысында баланың жағдайы жақсарған жоқ, 2 желтоқсанда болған көптеген орган жұмыстарының жетіспеушілігі салдарынан биологиялық өлім фактісі тіркелді», - деп хабарланды Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасынан.
Ақтау қаласынан шамамен сағат 21:00-де ұшып шыққан, 1,5 сағаттан кейін әуежайға қайта оралып, сағат 23:45-те қонған әуе кемесі SCAT компаниясына тиесілі.