Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы «Nur Otan» партиясы атынан мәслихат депутаттығына үміткерлерлердің медицина қызметкерлерімен агитациялық кездесуі өтті. Кездесу барысында медициналық көмектің сапасы және денсаулық сақтау мекемелерінің қол жетімділігі жайында мәселе қозғалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
ҚР Мәслихатына үміткерлер Мария Үтебаева, Алтыншаш Табулдина, Салтанат Дженалаева сайлауалды бағдарламаларын таныстырып, өздерінің үздік ұсыныстарын білдірді. Үміткер Мария Үтебаева «500 төсектік заманауи жұқпалы аурулар ауруханасының, 800 төсектік көпсалалы аурухананың, жаңа перзентхананың және ересектер мен балаларға арналған екі оңалту орталығының құрылысы» жайында өз сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.
«2020 жыл бәріміз үшін үлкен сынақтарға толы болды. Басты құндылық адам өмірі мен денсаулығы екенін түсіндірді» деп пікір білдірді үміткерлердің бірі Салтанат Дженалиева. Ал, Алтыншаш Табулдина: «Жұқпалы ауруханаларды бюджет есебінен қаржыландыруға беру мүмкіндігін қарастыру қажет, бұл қызмет қазір қолдау мен дамуды қажет етеді»,- деген орынды ұсыныс білдірді.
Бүгінгі күні медицина кадрларын әлеуметтік қолдаудың маңызы зор екені баршамызға мәлім.
Ескерту! Нұр-Сұлтан қаласындағы "Nur Otan" партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді