Қазақстанға ұшып келген 6 жолаушыдан коронавирус анықталды, - деп хабарлайды ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.
"2020 жылғы 13 желтоқсанда ҚР аумағына анықтамасыз ұшып келген 481 жолаушының ПТР-талдау нәтижелері бойынша 6 жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды. Оның ішінде 2 жолаушы Ыстамбул - Алматы рейсімен, 4 жолаушы Шарм - эль-шейх - Нұр-Сұлтан рейсімен келген", - делінген хабарламада.
475 жолаушылардың ПТР тестілеуі теріс нәтиже көрсетті.