Астана қаласында полиция күшейтілген тәртіппен жұмыс істейді. Бұл 16-20 желтоқсанда ел бойынша Тәуелсіздік күнін атап өтумен байланысты қолға алынды, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған хабарламада: "Қауіпсіздік үшін көшелер мен көпқабатты үйлердің ауласы, әсіресе көңіл көтеретін орындар орналасқан аудандарда және адамдар көп жиналатын орындарда патрульдер болады. Көшелерде пабруль қызметінің нарядындағы мамандарды көбейтеміз", - делінген.