$ 494.87  520.65  4.91

Көкшетаулықтар мемлекеттік Туды балконға іліп, автошеру ұйымдастырды

Тәуелсіздік күні мерекесімен осылайша құттықтады.
Фото: inform. kz
Фото: inform. kz

Менің Туым - менің Отаным» республикалық челленджіне Көкшетау тұрғындары да атсалысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Пәтерлерінің балконына еліміздің көк Туын іліп қойған Сарыарқа шағынауданы, 8/4 тұрғын үйінің тұрғындары қазақстандықтарды Тәуелсіздік күні мерекесімен осылайша құттықтады.

«Пәтер иелері мұндай акцияны ұйымдастыруды көптен армандады. Сарыарқа шағынауданында біздің тұрғын үй – ең биік ғимарат. Мұнда Тәуелсіз Қазақстанның нағыз патриоттары тұрады. 

Сол себепті «Менің Туым - менің Отаным» республикалық челленджіне аса қуанышпен атсалыстық», - дейді қала тұрғыны Мұрат Есмағамбетов.

Айта кетейік, «Достық» үйінің бастамасымен қолға алынған шараға қаладағы өзге үйлердің тұрғындары да үн қосып жатыр.

Сонымен бірге, қалада он шақты автокөліктің қатысуымен автошеру ұйымдастырылды.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары