Тәуелсіздік күні Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы Республика алаңына жүз шақты адам жиналды. Олар рұқсат етілмеген митингке шыққан, деп хабарлайды Stan.kz.
Митинг 1986 жылғы қаладағы және 2011 жылғы Жаңаөзендегі оқиғаларды еске алуға арналған. Бұл кездесуге жергілікті билік рұқсат бермеген.
Наразылық білдірушілердің арасында қоғам белсенділері Жанболат Мамай мен Мұхтар Тайжан бар. Бастапқыда кейбір наразылық білдірушілер дұға оқып, Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын ұсынды. Содан кейін белсенділер бірнеше топқа бөлініп, шеру ұйымдастырды.
Шерудің жалғасуына жол бермеу үшін тәртіп сақшылары мен Алматы қалалық полиция департаментінің жедел әрекет ету бөлімі келді. Адамдар топтарға бөлініп, түрлі мәлімдемелер, эмоционалды қойылымдар жасады.
Наразылық білдіргендер ұсталған жоқ. Олар талаптарын айтып ұрандатып, бейбіт жиындарға құқылы екендіктерін мәлімдеді.
Оларға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров шықты. Ол кездесудің санкцияланбағанын жариялап, жиналғандардан баннерлерін түсіріп, шеруді тоқтатуды сұрады.
"Біз күш қолданғымыз келмейді. Бірақ қазір болып жатқан жағдай заңсыз. Жарнамалық қағаздарды таратсын, ойларын ортаға салсын. Бірақ плакат көтеруге болмайды. Бізді ешкім тыңдап отырған жоқ", - деді Ержан Бабақұмаров.