Шымкентте карантин уақыты тағы бірнеше күнге жалғасады. Бұл туралы қаланың Бас санитарлық дәрігерінің қаулысында көрсетілген.
«Шымкент қаласы аумағында карантинді және шектеу шаралары 21 желтоқсан сағат 00:00-ден бастап 2021 жылдың 11 қаңтары сағат 00:00-ге дейін ұзартылсын», - делінген қаулыда.
Осыған байланысты Шымкент тұрғындары мен қонақтарына адам көп жиналатын шаралар (құдайы, туған күндер, мерейтой, той, құдалық, беташар және т.б.) өткізуге тыйым салынады. Жасы 65-тен асқан адамдар үшін де қоғамдық орындарға мүмкіндігінше бармауға нұсқау берілген.