$ 494.87  520.65  4.91

Испанияда «орыс мафиясы» ісі бойынша ұсталғандар арасында Қазақстан азаматы бар

Ұсталған азаматтар «орыс мафиясының» ақшасын жылыстатқан адамдар ретінде күдікке ілінген.
фото: crimerussia.com
фото: crimerussia.com

Испанияның ұлттық полициясы "орыс мафиясының" ақшасын жымқырды деген күдікпен 23 адамды ұстады. Олардың арасында Қазақстан азаматы бар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

БАҚ ақпаратына сәйкес, ұсталғандардың ішінде сегіз Ресей азаматы, екі украин, бір Қазақстан азаматы, бір Алжир азаматы бар, қалғандары - испандықтар.

Полиция бұл "ұсталғандардың жоғары иерархиялық деңгейіне байланысты" соңғы он жылдағы "Еуропаның шығысындағы мафияға" қарсы ең үлкен операция" екенін мәлімдеді. Тергеушілердің мәліметінше, топ мүшелері сыбайлас жемқорлықпен және "мемлекеттік институттарға енгізумен" айналысқан.

"Ұйым Испания экономикасының негізгі салаларын бақылауды және мемлекеттік мекемелерге заңгерлердің, шенеуніктердің, саясаткерлердің, кәсіпкерлердің және компьютерлік хакерлердің көмегімен кіруді жоспарлады", - делінген Ұлттық полиция хабарламасында.

Тергеу 2013 жылы полиция "орыс мафиясы Испаниядағы белсенділігін арттырып, оны бұрынғы Кеңес Одағы елдеріндегі қылмыстық ұйымдардың ақшасын жылыстатудың бастапқы нүктесі ретінде пайдаланып, бүкіл әлемдегі қылмыстық әрекеттерден алынған ақшаны бизнеске инвестициялағанын" анықтаған кезде басталды.

Приморьенің бұрынғы вице-губернаторына қатысты ақшаны жымқыру бойынша іс қозғады.

Топ жетекшілері күмәнді банктік операцияларды жүргізді, Испанияға қолма-қол ақша әкелді, жалған компаниялар мен жалған тұлғаларды пайдаланды.

Аликанте, Мадрид, Таррагона және Ибицада жүргізілген тінту кезінде қару-жарақ тәркіленді, 300 мың еуро қолма-қол ақша, 16 автомобиль, гауһар тастар, криптовалюта табылды,  миллиондаған еуроға тең банктік шоттар мен активтерге тыйым салынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары