17.12.2020, 22:31

Қазақстанда халық саны 18 млн 833 мың адамға жетті

Фото: ашық дереккөзі
2019 жылғы 1 қарашамен салыстырғанда халық саны 240,4 мыңға немесе 1,3 пайызға өскен.

Қазақстанда халық саны 18 833,1 мың адамға жетті. Мұндай деректі Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2020 жылғы 1 қарашада елімізде халық саны 18 833,1 мың болды.

«Оның ішінде қалалықтар – 11 109,8 мың (59%), ауылдықтар – 7 723,3 мың адам (41%). Ерлердің саны 9 136,8 мыңға жетсе, әйел саны көбірек - 9 696,3 мың» делінген таратылған ақпаратта.

Комитет мәліметінше, 2019 жылғы 1 қарашамен салыстырғанда халық саны 240,4 мыңға немесе 1,3 пайызға өскен.

Қарастырылып отырған кезеңде ең үлкен өсім еліміздің 3 өңірінде тіркелді.

Олар - Алматы (64,8 мың адам), Нұр-Сұлтан (48,9 мың адам) және Шымкент қалалары (36,4 мың адам).

Тегтер: халық саны