Мұхтар Шаханов Жамбыл Жабаев туралы күтпеген мәлімдеме жасады, деп хабарлады paryz.kz.
Ол Нартай Аралбайға берген сұхбатында Жамбыл Жабаевты "Сталиннің туфлиін махаббатпен жалаған" деген сөзін айтқанына еш өкінбейтіндігін жеткізді.
Журналист "Жамбыл Жабаевты ел сыйлайды ғой. Неге олай айттыңыз?" - деп сұрайды.
Мұхтар Шахановтың оған берер жауабы да дайын екен.
"Жоқ, ол былай болды. Жамбылдың туған жерінде менімен кездесу болды. Алдымен Жамбылдың немерелері, шөберелері, шөпшектерінің барлығын таныстырды маған. Содан кейін бір әйел шығып: "Мұхтар аға, сіз шыншыл ақынсыз ғой. Жамбылға қалай қарайсыз?" – деді. Мен: "Жамбылға өте үлкен құрметпен қараймын" дедім. "Құрметпен қарайтын себебім, Жамбыл Сталиннің туфлиін керемет шеберлікпен жалаған. Қыртыс-қыртысына шейін жалаған туфлиін! Сондықтан туфли жалау жағынан Жамбыл бірінші орын алды", - дедім. "99 жасқа келгенде, солардың ішінде туфли жалаудың шебері екендігін көрсетті" деп едім, Жамбылдың немерелері, шөберелері, шөпшектері басын төмен салып отырып қалды. Сол жерде бүкіл ел орнынан тұрып, қол соғып жіберді. "Сіздер мұндай батылдыққа барады деп ойлаған жоқ едім. Сіздер әр кезде Жамбылдың туфли жалағыштығын еске алыңыздар, парасат биігінен көріне беріңіздер", - дедім. Оның да көп өлеңін біреулер жазып берген ғой", – деді Мұхтар Шаханов.