$ 444.22  476.38  4.82

Ресей екі жылға халықаралық жарыстар мен әлем чемпионатынан шеттетілді

Ресейлік спортшылар Токиода және Пекинде өтетін Олимпиада ойындарына, 2022 жылғы футболдан әлем чемпионатына Ресей атынан қатыса алмайды.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Ресейлік спортшылар 2022 жылдың 16 желтоқсанына дейін халықаралық ірі жарыстарда Ресей туының астында ойын көрсете алмайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Р-Спорт» агенттігіне сілтеме жасап.

Спорттық арбитраждық сот (CAS) Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттігі (WADA) мен Ресейдің Допингке қарсы агенттігі (РУСАДА) арасындағы дау бойынша осындай шешім қабылдаған. 

«CAS ресейлік спортқа қатысты WADA санкцияларын біршама жұмсартқан. Енді Ресей төрт жылға емес, тек екі жылға халықаралық спорттан шеттетіледі», - делінген хабарламада. 

Сондай-ақ РУСАДА 2019 жылдың қаңтарынан бастап аталмыш шешім қабылданғанға дейінгі уақыт аралығында WADA-ға келтірілген шығындардың өтеуі ретінде оған 1 млн 270 мың доллар көлемінде жарна төлеуі тиіс. 

Осылайша, ресейлік спортшылар Токиода және Пекинде өтетін Олимпиада ойындарында, сондай-ақ, 2022 жылы футболдан әлем чемпионатының финалдық сатысына шыға қалған жағдайда, Ресей туынсыз шықпақ. Яғни, бейтарап ойыншылар ретінде Олимпиада туының астында ғана өнер көрсетуге мүмкіндігі бар. 

Сонымен қатар Ресей осы кезең аралығында өз жерінде халықаралық жарыстар өткізе алмайды.    

Бір айта кетерлігі, аталмыш шектеулер тек әлем чемпионаттары мен Олимпиадаларға ғана қатысты. Ал Еуро-2020 футбол матчы (ол 2021 жылға ауыстырылған болатын) мен Чемпиондар лигасының финалын өткізуге тыйым салынған жоқ.   

Айта кетсек, бұған дейін WADA Ресейді 2015 жылдан бастап допингке қарсы ережелерді бұзып келгені үшін төрт жыл бойына халықаралық жарыстарға қатысу құқығынан айыруға кеңес берген еді. Сондай-ақ, Ресейдің Олимпиада комитетінің басшылығына (атқарушы комиеттің барлық мүшелерін қосқанда) төрт жыл бойы Олимпиада ойындарын көруге және онда қатысуға тыйым салу ұсынылған болатын.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары