18.12.2020, 03:12

Маңғыстау облысында кезекке таласқан ер адамдар автогаз құю станциясында төбелес шығарған

Фото: stan.kz
Куәгерлердің айтуынша, ұрыстың себебі - сұйытылған мұнай газына кезек.

Маңғыстау облысында автогаз құю станциясының жанында төбелес болып, оны куәгерлер видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 13 желтоқсанда Мұнайлы ауданының Қызылтөбе ауылында болған. Куәгерлердің айтуынша, ұрыстың себебі  - сұйытылған мұнай газына кезек.

Реклама/TV Media Digital Бұл нұсқаны облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Бейнежазбаны зерттегеннен кейін барлық қатысушылар жергілікті полиция бөліміне жеткізілді.

Дегенмен жанжалға қатысушылардың бір-біріне шағымы болмады.

Аталған факті бойынша ауруханаға да өтініштер түскен жоқ.