$ 447.4  477.55  4.76

Тоқаев ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысады

Видео конференция режимінде өтетін іс-шараға Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан Президенттері қатысады деп жоспарланған.


Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 14:10-де Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысады. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.  

Видео конференция режимінде өтетін іс-шараға Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан Президенттері қатысады деп жоспарланған. 

Жиын барысында Мемлекеттер басшылары ТМД және ұйымды одан әрі дамыту тұжырымдамасы, оны іске асыру жөніндегі негізгі іс-шаралар жоспары, сондай-ақ, ТМД елдері Парламентаралық ынтымақтастықты арттыру және нығайту жайында пікір алмасады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары