$ 494.87  520.65  4.91

«Қазақстан энергия ресурстарының жаңа нарықтарына қол жеткізуге мүдделі» - Нұрлан Ноғаев

Энергетикалық компаниялардың басшыларының инновациялар рөлі мен тұрақты энергетикалық технологияларды дамыту туралы саяси диалогқа қатысуы үшін платформа ретінде қызмет етеді.
фото: atpress.kz
фото: atpress.kz

17 желтоқсанда, ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев бейнеконференция форматында Халықаралық Энергетикалық Хартияның (ХЭХ) Министрлік конференциясының 31-отырысында баяндамамен сөз сөйледі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, ҚР ЭМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Энергетикалық Хартия Конференциясының министрлік сессиясы дәстүрлі түрде Хартияға мүше елдер үкіметтерінің, халықаралық ұйымдардың жоғары лауазымды өкілдерінің және энергетикалық компаниялардың басшыларының инновациялар рөлі мен тұрақты энергетикалық технологияларды дамыту туралы саяси диалогқа қатысуы үшін платформа ретінде қызмет етеді.

ХЭХ энергия ресурстарының транзитін экспорттайтын, тұтынатын және жүзеге асыратын елдердің үкіметаралық диалогын ілгерілету жөніндегі халықаралық энергетикалық ұйым болып табылады.

Сөз сөйлеу барысында ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев жаһандық энергетикалық күн тәртібінің ең өзекті мәселелерін, сондай-ақ транзит, инвестицияларды қорғау және энергия тиімділігі сияқты ел үшін маңызды бағыттарды қоса алғанда, Энергетикалық Хартияға Шартты жаңғырту процесінің маңыздылығын атап өтті.

- Қазақстан дауларды шешу аспектілеріне, сондай-ақ инвестициялық ережелерге қатысты Шарттың ережелерін жаңартуға мүдделі. Біз транзит мәселелерін талқылау кезінде мынадай негіз қалаушы қағидаттардың ескерілуіне терең қызығушылық білдіреміз:

- жаңа нарықтарға, сондай-ақ транзиттік елдердің инфрақұрылымына кедергісіз қол жеткізу;
- энергия ресурстарының транзитін жүзеге асыру үшін бірыңғай құқықтық өріс құру;
тәуекелдердің туындауын және даулардың салдарын төмендету;
- энергия ресурстары нарығындағы сұраныс пен ұсыныс теңгерімін сақтау;
- экономикалық мүдделер теңгерімін сақтау, - деп атап өтті өз сөзінде ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары